» » БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

2017 жыл аудан тұрғындары үшін табысты жыл болды. Өңір халқының әлеуетін арттыруда көптеген іргелі істер атқарылды.
Оның ішінде, мен өзімнің өміріммен сабақтастырған спорт саласында да үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Шәкіртім – Ғалым­жан Әбдірахманов қазақ күре­сінен екінші мәрте әлем жеңім­пазы, Азия біріншілігінің жүлдегері, ал мен басшылық жасайтын аудандық спорт клуб республика бойынша І орын иегері атанды. Ал, өзім «Жылдың үздік бапкері-2017» аталымына ие болдым. Сонымен бірге, биыл ауыл спортшыларының республикалық «Ақ бидай» спартакиадасында Сыр бойы командасының негізгі құрамын құрайтын шәкірттерім І орынға көтеріліп, аймақ абыройын асқақтатты.
Міне, біздің осындай үлкен жетістіктерге қол жеткізуіміз Елбасының туған халқына арнаған дәстүрлі Жолдаулары аясында атқарылып жатқан жұмыстардың арқасы деп білемін.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да ел экономикасын нығайту мен туған халқының әлеуетін арттыруға мақсаттаған 10 міндетті айқындап берді. Оның ішінде, өзім қызмет ететін сала болмаса да, жаныма жақын ауылшаруашылығы саласын өркендетуге, сонымен бірге өскелең ұрпаққа сапалы және заман талабына сай білім беру ісінде озық жүйемізді құру, білімді ұрпақ тәрбиелеуде сала мамандарының біліктілігін арттыру, орта білім беруді жаңартылған мазмұнға көшіру сияқты міндеттерді жүктеп отыр. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарға саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулық ісін күшейтуді тапсырды.
«Елбасы өз Жолдауында: – Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-мағынасы осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – дегенді айтты.
Міне, Елбасының осындай қанатты сөзі барша қазақстандықтар үшін туған елінің мәдениеті мен тілін жетік меңгеруге, тіпті өзін қадірлеуге шақырған ұлы сөз деп білемін.
Мемлекет басшысының Жолдауын барша қазақстандықтармен бірге Қармақшы өңірінің тұрғындары да қолдауда. Өйткені, Қазақстан халқы үшін құнды құжат-болашағымыздың жарқын кепілі.
Әділбек СЕРІКБАЕВ, аудандық спорт клуб директоры, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы.
22 қаңтар 2018 ж. 1 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728