» » Сенат депутаттары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Сенат депутаттары Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және жоғары палатаның өзге де депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.
Сенаторлар облыстық прокуратура жанынан құрылған Құқық қорғау қызметі орталығының жұмысымен танысты. Орталық 4 ай ішінде 850-ден астам арыз қабылдап үлгірген. Мұнан соң депутаттар тұрғындармен кездесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірме жүргізіп, келелі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ латын әліпбиінің қолданысқа ену жайында да сөз қозғалды.
Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары: 
- 2018 жылда латын әліпбиіне тіреліп тұрған ештеңе жоқ. Ал бірақ біз үлкен болашақты болжайтын болсақ, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарында терезесі тең болу, солармен бірдей дәрежеде сөйлесу, хат алысу үшін латын әліпбиінің қолданылу қажеттігі тұр. Өз тілімізді сақтай отырып, оны ең алдыңғы қатарлы басты елдерде дамыған латын әліпбиімен жаза алатын болсақ, оқи алатын болсақ және өзге тілдерде жазғанды оқи алатын болсақ бұл біздің ұрпағымыздың көзі ашықтығының, көкірегінің зерделі, терең, сауаттылығының дәлелі. Сосын осы қадамға баруға біз міндеттіміз.
24.kz
04 қаңтар 2018 ж. 1 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 867
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30