» » Аудан әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы



ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды егемен еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары еліміз шекарасы бекітіліп, халықаралық аренада мемлекетіміздің беделінің өсуіне бағытталған шаралар жүзеге асты.

Алғаш Елбасымыздың бастамасымен ядролық қарудан бас тартқан бейбітсүйгіш ел ретінде жаһандық қауымдастыққа танылды. Егемен ел ретінде Қазақстанның Конституциясы қабылданып, теңгеміз айналымға енді, Елордамыз әсем қала Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында «Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз»- деп атап өткен болатын.

Біздің бүгінгі мақсаттарымыз бен міндетіміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған.

Құрметті жерлестер!

Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Елдің даму көшінде Қармақшылықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді.

Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар. Аудан тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды. Мұның бәрі берекелі бірлігіміздің арқасында жеткен жетістіктеріміз. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.

Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

15 желтоқсан 2020 ж. 4 833 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031