Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың аңсай күткен арманы орындалған күн.
«Ұлттың егемендігі – ең маңызды мәселе. Тәуелсіздік, өз мүддесін ойлайтындардың таласынан халықты сақтайтын қорған», – деген екен ұлт арысы Мұстафа Шоқай.
Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айырықша. Өйткені бұл біз үшін мемлекеттілікті нығайту жылдары болды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде үлкен тарихи миссия атқарылды – заманауи үлгідегі қазақ мемлекеттілігінің негізі қалыптасты.
Алғаш Елбасымыздың бастамасымен ядролық қарудан бас тартқан бейбітсүйгіш ел ретінде жаһандық қауымдастыққа танылды.
Егемен ел ретінде алғашқы онжылдықта Қазақстанның Конституциясы қабылданып, теңгеміз айналымға енді, Елордамыз әсем қала Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді. Қысқа уақытта Қазақстанның осындай жетістікке жетуі ел Тәуелсіздігі мен бірлігінің жемісі.
Біздің ауданымызда да әлеуметтік-экономикалық саласы тұрақты дамып, шағын және орта бизнестің қатары артып келеді.
Бүгінгі күні Тәуелсіздік шапағатының арқасында аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы жылдан – жылға жақсаруда.
Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков