Аудан әкімінің құттықтауы
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!Баршаңызды мерейлі мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы болып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты биылғы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында
«Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.
Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр»-деп атап өткен болатын.
Елбасымыздың "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамызға айналды.
Қасиетті Қармақшы өлкесі береке мен бірліктің, еселі еңбек пен елеулі жетістіктердің, тың бастамалар мен толағай табыстарға толы жылдар бедерінде биік тұғырлардан көрініп, ынтымақ пен іргелі істердің алтын ордасына айналып келеді.
Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуға жұмыстар жүргізілуде.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесімен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегі үшін елдігімізді нығайтудағы қажырлы қызметтеріңізге табыс, Өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, абырой мен бедел биіктерінен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз мәңгі, елдігіміз еңселі болсын!

Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков
Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков