«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»
«Томанов» және «Теміржол» бастауыш партия ұйымындағы кездесу болып өтті. Қармақшы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Раева Күлжауһар Төлегенқызы аудандық филиалға қарасты «Томанов» және «Сырдария» бастауыш партия ұйымдарында болып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттады.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы, бастауыш партия ұйымының төрағалары және топтық ұйым жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты К.Раева және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауына тоқталып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен қатар, «Томанов» бастауыш партия ұйымының төрайымы, №250 мектеп-лицей директоры Г.Еркебаева білім саласы бойынша Жолдауда жүктелген міндеттерге байланысты пікірін айтса, «Теміржол» бастауыш партия ұйымына қарасты топтық ұйым мүшелері аудандық жыраулар үйінің директоры А.Бүрлібаев, мамандары С.Жұматаева, А.Скендиров және белгілі жырау Б.Рүстембеков Президент Жолдауындағы мәдениет саласы қызметкерлерін қолдауына ризашылықтарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.