» » Саяси кеңесі отырысы өтті

Саяси кеңесі отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының Саяси кеңесі отырысы өтті.
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында Елбасы-Тұңғыш Президент, «Nur Otan» Партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын талқылау мен жүзеге асыру мақсатында Саяси кеңесінің отырысы өтті.
Отырысты аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы жүргізді. Кеңес отырысына аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен «Jas Otan» Жастар қанатының төрайымы және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста «Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының қызметін жаңғырту бағытындағы жұмыстары туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлының хабарламасы, партиялық бақылаудың рөлі мен маңызы туралы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Үсенов Алтай Үсенұлының хабарламасы, депутаттық фракциялардың міндеттері туралы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, мәслихат депутаты Раева Күлжауһар Төлегенқызының хабарламасы және жаңғыру кезеңдегі жастардың келбеті туралы «Jas Otan» Жастар Қанаты аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық жастар ресурстық орталығының кадр бойынша инспекторы Шаймерден Жанат Болатбекқызының хабарламалары тыңдалды.
Отырыс барысында ұсыныс пікірлер айтылып, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы бойынша алда орындалатын жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді.
04 қыркүйек 2019 ж. 1 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930