» » Назарбаев: Қытаймен арадағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты

Назарбаев: Қытаймен арадағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп мәлімдейді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдірді.
«Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап, мен сіздің еліңізбен өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың осындай деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс істедім. Осы жылдар ішінде арамыздағы барлық өзекті мәселелер шешімін тапты. Біз шекарамызды белгілеп, сенімге негізделген диалогтың деңгейін көтердік», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы экономиканың түрлі секторларындағы қатынастардың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
«Қытай мемлекеті Қазақстан үшін көршілес ел және экономикалық серіктес қана емес, сонымен бірге сенім артып, тірек санайтын біздің жақын досымыз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


28 сәуір 2019 ж. 3 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 114
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031