» » Назарбаев: Тәжікстанмен арамызда шешімін таппаған мәселе болған емес

Назарбаев: Тәжікстанмен арамызда шешімін таппаған мәселе болған емес



Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Шағын құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және оны әрі қарай нығайту перспективаларын талқылады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың сенімге негізделгенін атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының достығын нығайту жолында Эмомали Рахмонның айрықша рөл атқарғанын айтты.
"Сіз басшылық еткен жылдар ішінде біз зор сенімге, ынтымақтастыққа және достыққа негізделген қарым-қатынас орнаттық. Ешқашан арамызда шешімін таппаған мәселе болған емес. Біз әрдайым, әсіресе халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдап келеміз", – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге аяқ басқанын айтып, мемлекетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылауға ниетті екенімізді жеткізді.
"Біз сіздермен кез келген мәселені талқылап, шешуге дайынбыз. Сонымен қатар көрші мемлекеттердің басшылары келе жатыр. Ертең біз үшін тағы бір мәрте кездесуге мүмкіндік туады. Биыл сіздерде су ресурстарын басқару жөніндегі конференция өтетінін білемін. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды", – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президентін «Парасат» орденімен марапаттады.
Э.Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін және жоғары марапат табыс еткені үшін алғыс білдірді.
"Қазақстанға келген әр сапарымда Астананың келбеті жылдам өзгеріп келе жатқанын байқаймын. Бұл жетістік, ең алдымен, Сіздің дана әрі көреген саясатыңыздың жемісі болып саналады", – деді Тәжікстан Республикасының Президенті.
Э.Рахмон екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, оны әрі қарай ілгерілете түсуге ниетті екенін атап өтті.
"Тауар айналымының көлемі жөнінен Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық әріптестері арасында екінші орынға ие. Біз елдеріміздің кешенді әрі стратегиялық қарым-қатынастарын нығайтуға ниеттіміз", – деді Тәжікстан Республикасының Президенті.

14 наурыз 2018 ж. 1 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031