Жолдау жаңа міндеттер жүктеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті ретінде Парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдауын жариялады.
Қазақстан тұрақты тәуелсіз мемлекетке айналуында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еңбегі айрықша. Сондықтан да Қазақстан Республикасының даму жолын "Назарбаев моделі" деген атаумен халықаралық қоғамдастық мойындап отырғанын айтты.
Мемлекет басшысының Жолдауын толық қолдаймын. Сонымен бірге Жолдаудың маңызды тұстарының бірі "Нұр Отан" партиясы елдің жетекші саяси күші, ол күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде орындайтынын атап өтті.
Бұл бағытта партия жаңғырудың жаңа жолында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында алдына жаңа міндеттер қойып отыр.
Олар: партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеріп, жемқорлықпен күресті күшейту мен барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыру мен биліктің барлық деңгейіндегі партия алдындағы жауапкершілігін арттыру, халықпен, оның барлық әлеуметтік топтарымен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізу, партияның ақпараттық-идеологиялық жұмысын қарқынды ұйымдастыру және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды қамтиды.
Сондықтан еліміздегі басты саяси күш ретінде біздің алдымызда халыққа жақын болып, оның мұң-мұқтажын білу мен оған қолдау білдіру, қоғамда туындайтын мәселелерді шешуге көмектесіп, халықпен кері байланыс орнату құралдарының тиімділігін арттыру міндеттері тұр.
Бұл мақсаттарға жетуіміз үшін аумақтағы барлық партия мүшелері ел өміріне белсенді атсалысып және халыққа жақын болуымыз керек.
Д.Буханов
«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты