» » САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕДЕ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕДЕ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында 1- наурыз- еліміздің ең басты күшіне айналған «Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай салтанатты шара өтті. Шараға қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Саяси кеңесінің мүшесі,қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов, БПҰ төрағалары және партия белсенділері қатысты.
Партияның құрылған күні ме…рекесіне арналған салтанатты жиында Шахмардан Байманов жиынға қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты мен жасампаз идеяларын қолдап, партия жүктеген мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда белсенділік танытқан партия мүшелерін және белсенді бастауыш партия ұйымдарын «Алғыс» хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, Шәріп Әкбарұлы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды айта келе партия қатарына жаңадан қабылданушыларға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстады. Жаңадан мүшелікке қабылданғандардың қадамына сәттілік тіледі.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған партия мүшесі «Шаңырақ» БПҰ төрағасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Ә.Сәулебаев, және партия қатарына қабылданған облыстық спорттың мерейін көтеріп жүрген партия қолдаушысы Р.Жакияев ыстық лебіздерін білдіріп, партия қолдаушыларына алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кетер болсақ, биыл 19 жыл толған «Нұр Отан» партиясы – 1999 жылдың 1 наурызында «Отан» Республикалық саяси партиясының І құрылтай съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдау мақсатында құрылған қоғамдық ұйым. Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш ретінде қызмет атқарып келе жатқан халықтық партия. Тәуелсіздіктің тұғырын нығайтқан Қазақ елінің табысқа толы тарихи жылдарында «Нұр Отан» партиясының қызметі мен маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда Қызылорда қалалық партия филиалы құрамында 8781 партия мүшесі тіркеліп, 152 топтан құралған 42 бастауыш партия ұйымы, сонымен қатар филиалдың Саяси кеңес мүшелері мен партия белсенділері филиалдың алдында жүктелген міндеттерді абыроймен орындауда.



02 наурыз 2018 ж. 1 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728