» » БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛҒАЙ

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛҒАЙ

Жыл басынан бері елімізде түрлі саяси, тарихи, мәдени оқиғалар орын алуда. Алдымен 2019 жылдың 19-наурыз күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев үндеу жариялап, өз өкілеттілігін тоқтату және мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы мәлімдегені баршамызға белгілі. Президент сайлауы болады деген сәттен бастап, түрлі пікірлер, саясаткерлер мен сарапшылардың ойлары айтылып, қоғамның қызу талқысына түскен болатын. Президенттікке таласқан үміткерлер алдымен орталық сайлау комиссиясының сынынан өтіп, тартысқа түсті. Халық таңдауына түскен 7 үміткердің ішінде, ерекше қоғам назарына іліккен кандидаттар «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев саясатын жалғастыруды мақсат еткен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев және қазіргі атқарушы билік жұмысына  балама бағдарлама ұсынған, «Ұлт тағдыры» ҚБ-нен ұсынылған Әміржан Қосанов болатын. Баршамызға белгілі, 9-маусымда еліміз үшін, еліміздің болашағы үшін айтулы күн болды. Орта Азия төрінен орын алған Қазақстанның болашағын айқындау жолында халық саяси үрдіске атсалысып, әркім өз таңдауын жасады. Сайлау нәтижелері айқындалып, 70,3 процент басымдықпен Қазақстан Республикасының Президенті болып Қасым-Жомарт Тоқаев таңдалды. Бүгінгідей бейбіт өмірді берік ұстап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісі жалғаса түседі деп және қазақ қоғамының әл-ауқаты артады – деп белгілі дипломат, Қазақстан Республикасының екінші Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына сенеміз.
Азиз ДҮКЕНБАЙҰЛЫ,
Техника ғылымдарының магистрі, Жастар мәслихатының депутаты:
18 маусым 2019 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 106

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930