» » ЕЛ ТАҢДАУЫ – БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫ!

ЕЛ ТАҢДАУЫ – БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ БАСТАУЫ!


Қазақстан екінші мыңжылдықтың ширек ғасырға жуық уақытын табысты аяқтап, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу стратегиясын қабылдағаны ақиқат. Бүгінде татулығы тұрақты, ынтымағы ырысты, байрағы биік елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру үшін ауқымды бағдарламалар қабылданып, өз нәтижесін беруде. Уақыт көші жылжып, жаңа экономикалық саясаттың септігі Қазақстанда билік транзитінің өзгеруіне әкеліп соқтырды. Тәуелсіздік таңы атқан сәттен бастап ел тізгінін қолға алған Н. Назарбаев билігі Қазақстандықтар есінде тұрақтылық пен жаңару, даму мен бейбітшілік белгісі болып қалатыны сөзсіз. Бүкіл әлем көз тігіп отырған байрағы биік елдің еңсесін түсірмей, дүние жүзіне мәртебелі мемлекет қалыптастыра түсу келесі келер призиденттің басты қағидасы болуы шарт. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаев биліктен заңды және бейбіт жолмен кетіп, ел тізгінін мемлекет қайраткері Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы алған болатын. Еліміздегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін президент сайлауын өткізу аса маңызды.
Үстіміздегі жылдың 9 сәуір күнінде Қазақстан Республикасының президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Перзидентін сайлауды мерзімінен бұрын өткізу» туралы үндеуін жариялағаны баршамызға белгілі. Бұл саяси процестің жүйелі жүргізілуі үшін ауқымды қаржы да, үлкен жұмыстар да керек. Бұл ретте аталмыш үндеу мәтінінде Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен, мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым!», - деген болатын. Президент өкілеттілігін тоқтатып, саяси жүйенің өзгеріске ұшырауы заңдылық. Уақыт өз дегенін жасайды. Сондықтан еліміз үшін маңызды сәт, болашақтың іргесін қалаудағы басты қадам Қазақстан Республикасының президентін сайлауға белсене қатысуға шақырамын!
Серікболсын Мәденов,
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы
бойынша филиалының Қармақшы ауданы бөлімі маманы
17 сәуір 2019 ж. 1 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 106

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 135

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930