» » ҰСТАЗДАР МӘРТЕБЕСІ АРТАДЫ

ҰСТАЗДАР МӘРТЕБЕСІ АРТАДЫ

Қазақстан халқының бай-қуатты өмір сүруі үшін және әлем алдындағы абыройын айғақтай түсуі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Қазақстандықтарды елдік пен бірлікке, даму мен өрлеуге бастар басты құжат – Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы болып табылады.
Үстіміздегі жылдың 5 – қазан күні, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы жолдауын жариялағаны баршамызға белгілі. Жарияланған сәттен бастап қоғамның қызу талқысына түскен Жолдау – еліміздің әлемдік аренада көш бастап, дүниенің дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиясын бағамдай түседі. Бақытты болашаққа бағдар болатын жолдауды Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің ұжымы да тамашалап, жолдау жаңалықтарын қуана қабылдаған болатын.
Ұқсас тақырып







Бүгінгі саяси сипаты мен белгілі болашағы қалыптасқан қоғамымыздың бағдары болар Жолдау - жаңғыру жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерісімізді ілгері түзей түседі. Еліміздегі «Ұстаздар күні» қарсаңында жарияланған жолдаудың жаңалығы көп. Бүгінде, ұстаздарды ұлықтау, мұғалім мәртебесін айқындау, педагог қызметкерлердің әлеуметтік –материалдық жағдайына көңіл бөлу, ұстаздарды басы артық шаруалардан арылту секілді бірқатар мәселелер күйіп тұрған тұста Елбасының 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігі туралы тапсырмасы күллі ұстаздар қауымына қуаныш сыйлады. Алаш арыстарының бірі Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың басы қосылса төр - Ұстаздыкі» деп айтқандай, ықылым заманнан ұстазына ілтипат жасап, құрметін аямаған қазақ жұртшылығы үшін «Мұғалім мәртебесі» туралы заң қабылдау уақыт талабы. Аталмыш заң жобасы жөнінде жолдау мәтінінде «Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функцияларды арашалауға тиіс» деп көрсетілген болатын. Еліміздің болашағы бақытты, келешегі кемел болуы үшін – білім саласына ерекше басымдықтар беріліп келеді.
Жаңа міндеттерді жүктеген Жолдауда жастарды ауылға тарту, ауыл-аймақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру туралы тапсырма берілді. Қазақ даналығында «Ауыл – қазақтың түп қазығы» деген сөзді тілге тиек ететін болсақ, ауылдың мәртебесін арттыруға көңіл бөлу тың бастама.
Қазақстанның қуатты елге айналуы үшін мен дамудың даңғыл жолын жалғай түсетін, бағдарлы жұмыстың басты құжаты – Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында көрсетілген міндеттерді тату тірлігімізбен, баянды бірлігімізбен, ырысты ынтымағымызбен бірлесе орындауға шақырамын.
Қармақшы аграрлы-техникалық
колледжінің директоры И. Айекенов
10 қазан 2018 ж. 1 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 095

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031