ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛДІ АЛҒА ЖЕТЕЛЕУДІҢ НАҚТЫ КӨРІНІСІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің әл- ауқатын арттыру жолында жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуы - елді алға жетелеудің нақты көрінісі екенін түсіндік. Елбасы барлық салада өркениет көшіне ілесу үшін елеулі өзгерістер болатынын және оған үнемі бейім болу керектігін нақты айтты. Экономикадағы түйткілді мәселелерге талдау жасап, мемлекетіміздің қуаттылығын арттыруда жаңа сатыдағы білімнің орны ерекше екеніне егжей –тегжейлі тоқталды. Білім сапасы басты орында, сондықтан да бәсекеге қабілетті мамандардың біліктілігін арттырып, жаңа өмірге керекті мамандықтарға бейімдеу қажеттігін, әрбір маманның жаңа сапада қабілеттілігі ескерілетіні айтылды. Кадрларға бәсекелестік заманы туды.
18 милионнан астам халықтың әл- ауқатын арттыруда қоғамның цифрлы жүйеге еніп, бәрі жаңа сападағы қызмет көрсету мен отандық өнім өндірудегі жүйеге жаппай ену қажеттігін атап айтты. Жолдау еліміз үшін айқын мақсатқа жетелейтін, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін маңызды құжат болып отыр.

Раева Күлжауһар,
аудандық мәслихат депутаты
Пікір 1