» » АТА ЗАҢ – АЙБАРЫМЫЗ

АТА ЗАҢ – АЙБАРЫМЫЗ

 
Жер бетінде қанша халық болса, сонша мемлекет болады деген сөз емес. Әлем картасында құжынаған елдің ішінде 200-ге тарта ғана мемлекет бар. Оның арасынан зор мәртебемен Қазақстан Республикасын атауымызға болады. Кезінде тарихтан ойып өз орнын алғанымен, кейін мемлекеттілігінен айырылып қалған елдер де жетерлік. Одан сақтасын. Қазақ елі бүгінде тәуелсіздік туы астында арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты елге айналды. Оның мемлекеттілігін айқындайтын – нышандары, келешегіне кепіл болатын – Конституциясы бар.
Ел Конституциясы – мемлекеттің Ата заңы саналады. Ол елдегі жоғары заңды күшке ие құжат. Республикадағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық әлеуеті – осы Ата заң аясында жұмыс істейді. Мемлекетіміздің қазіргі ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Иә, осылайша еліміз осыдан 23 жыл бұрын тарихи шешімін жасаған болатын. Содан бері де бас­ты заң – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың, экономикалық даму мен демократиялық өркендеудің айшықты көрінісі болып келеді. Сонымен қоса, Ата заң – еліміздегі түрлі этностар татулығы, әрбір азаматтың лайықты өмір сүруінің, оның құқықтары мен бостандықтарына кепіл болады. Конституция – Қазақстан азаматының өмір сүруіне, сөз, дін ұстану және шығармашылық еркіндігіне, денсаулығы мен демалысына, еңбек етуіне, жеке адам ретіндегі қадір-қасиетіне нұқсан келмеуіне – кепіл. Адамзат баласы үшін өте бағалы саналатын осынау құндылықтарды сақтау – Қазақ елінің бейбітсүйгіштігін, ымырашылдығын дәлелдей түседі. Халқымыздың адамгершілік принципіне құрылған игі істері бүгінде әлем танитын, дүние мойындаған дәрежеге жетті. Бұл дегеніміз – егемендігін алған аз ғана уақытта еліміздің бүкіладамзаттық, өркениеттілік игіліктерді қамтығанын білдірсе керек. Заманында ата-бабаларымыз сыртқы күштерден қазақтың ата қонысын қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етті. Келешек ұрпағының «қой үстінде бозторғай ұялаған» заманда өмір сүргенін қалады. Сол үшін қиын-қыстау жолдан өтіп, қилы кезеңдерді бастан өткізді. Бүгінде аталар арманы шындыққа айналып, артында қалған ұрпағы тыныш, бақытты кезеңде өмір сүруде. Ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата мекенді гүлдендіріп, әлемнің маңдайалды елінің біріне жеткізу – қастерлі де қасиетті парызымыз.
Биыл қазақстандықтар Ата заңның қолданысқа енгеніне 23 жыл толған мерекесін кең көлемде атап өтеді. Бұл үлкен мереке әрі айтулы күн. Тәуелсіздік таңы аясында халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ҚР Конституциямызды қастерлеп, қадірлеу – әрбір қоғам мүшесінің борышы.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
31 тамыз 2018 ж. 3 046 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031