САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСАМЫЗ

Уақыт көші алғы жылжып, әлемдік саясат жаңа сатыға көтерілген тұста елімізде айшықты өзгерістер орын алуда. Алдымен ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаев өзінің өкілеттілігін тоқтату туралы үндеуін жариялағаны баршамызға белгілі. Тұтастай дәуірдің тұлғасына айналған алғашқы президенттің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатып, билік тізгінін Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсыруы Қазақстандағы қоғамдық-саяси құбылыстың өзгергенін, билік транзитінің ауысуының көрінісі болатын. Бұл тарихи шешім қабылданған уақыттан кейін де елімізде сайлау науқаны болатыны туралы түрлі болжамдар айтыла бастады. Бүгін, еліміздің басты ақпарат арналарынан қазіргі Қазақстан Республикасының Президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы жылдың 9 – маусымында «Қазақстан Республикасының Президентін сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы» үндеуін жариялады. Жарияланған сәттен бастап қоғамның қызу талқысына түскен Президент сайлауы еліміздегі саяси өзгерістердің бастауы деп білемін. Бұл ретте саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан халқының атқарар рөлі үлкен. Себебі, еліміз үшін, халқымыздың болашағы үшін маңызды сәтте Қазақстан халқы сайлау үдерісіне белсене қатысып, ел таңдауын бірге жасауы қажет. Бұл сайлауда Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылықты ұстап қалатын және еліміздің халықаралық аренадағы беделін биік ұстай білетін президенттікке үміткер жеңіске жетеді деп сенемін. Сондықтан ел болашағы үшін маңызды саяси науқан Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға белсене қатысуға шақырамын!
Азиз ДҮКЕНБАЙҰЛЫ,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқыушысы,
Техника ғылымдарының магистрі.