» » » ДІН – РУХАНИ ДІҢГЕК

ДІН – РУХАНИ ДІҢГЕК

ДІН – АДАМЗАТ ТАРИХЫМЕН ӨМІР СҮРІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРІ. ОЛАЙ ОЙЛАУҒА СЕБЕП, ЖЕР БЕТІНДЕ ӨМІР СҮРУДІ БАСТАҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ АДАМДАР ДІНИ НАНЫМДАРҒА СЕНІП, ЖАРАТҚАНҒА СЫЙЫНҒАН. ЖАЛПЫ АЛҒАНДА ДІН – ӘРБІР ҰЛТТЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ. ҚОҒАМДЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТА ҰСТАЙТЫН БАСТЫ КҮШ.
Әлбетте, халық пен діннің, сонымен қатар мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар. Мемлекет ешқашан дінсіз өмір сүрген емес, оның дінмен бірге өмір сүруі, жақын қатынаста болуы – әрбір елдің өз аумағында дінге қатысты заңдылық күші бар заңды қабылдап, оны іс-жүзіне асыра алуында.
Еліміз әлемге әлеуметтік-саяси, демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсіп, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі ретінде танылды. Әлбетте, Қазақстанға мұндай жетістік өздігінен келе қойған жоқ, оған еліміз қоғамдағы жарасымды үйлесім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастардың тиімді тұстарын таңдап алу арқылы қол жеткізді.
Расында да, жүз отыз ұлт, қырық бес діни бірлестік бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан алдына келісім мен бірлікті басты мақсат етіп қоя білген бірден-бір мемлекет. Қазір тек этносаралық келісімді сақтап, нығайту ғана емес, сонымен бірге діни төзімділікті, конфессияаралық пікір алысу мен келісімді сақтап нығайту Қазақстанның ішкі саясатының басты міндеттерінің бірі.
Тәуелсіз Қазақстан әлемге діни бейбітшілік орнатудың бастамашысы ретінде танылған бірден бір мемлекет. Мемлекет басшысы елдегі дін төңірегінде туындаған дүрдараздықтарды ауыздықтауды бейбіт жолмен шешуге зор үлес қосып келеді. Қоғамдағы келiсiм негізінен бейбiт өмiр, саяси тұрақтылық үшiн жан аямай қызмет ету, сонымен қатар өз Отаны мен отбасына, туған елi мен жерiне деген сүйiспеншiлiктен ғана туады. Халық бiрлiгi, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы, ортақ тарихымызға деген көзқарас, өзге ұлт өкілдеріне деген құрметiмiзді жеткiзу, насихаттау болып табылады.
Халықты имандылыққа баулуда қоғамның барлық институттары мен билік орындары да қол ұстаса отырып, ілгері қадам басуы керек. Міне, сонда ғана аспанымыз ашық, іргеміз тыныш болып, мемлекетіміздің мәртебесі биіктей түседі.
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,
№250 мектеп-лицей мұғалімі.
19 ақпан 2018 ж. 1 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031