» » МЕДИАЦИЯМЕН ДАУДЫ ШЕШУ ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ

МЕДИАЦИЯМЕН ДАУДЫ ШЕШУ ЕКІ ЖАҚҚА ДА ТИІМДІ

Татуласу санаты гуманитарлық ғылымда әр түрлі көзқараста қарастырылуда, дегенмен, барлық қолданыстағы позициялар сөзсіз оң әлеуетті өркениетті дүрыс теңестіруді, жанжалдар мен дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын табуды көздейді.
Татуласу философия, дін санатының жалпы алғанда коғамдық өмірдің барлық коріністерінің бірі болып табылады. Қолданылу жағынан құқық саласына жақын болып келеді. Адамдардың өзара келісуінің жетістігі, олардың бірігуі, қоғам мен әлемдік қауымның құқықтық реттеудегі басты мақсаты болып табылады. Бейбіт өмір сүру бұл - адамгершілік идеалы ғана емес, оған бейресми тұлғааралық қатынасқа түсуге ұмтылу, сонымен қатар барлық ықтимал заңды байланыстарды жүйелеу.
Татуластыру рәсімі адамдардың алғашқы қауымдастығымен қатар пайда болған. Бір жағынан ішкі әлемнен өз өзін сақтандыру болса екінші жағынан өркениетті дамудың материалдық және рухани құндылық құралы ретінде қолданылады.
Әр елде, татуластыру рәсімінің туындауы және қалыптасуында өзіндік ерекшеліктері бар. Әдебиеттерде мысалы кавказ халқының әдет-ғұрыпқа негізделген кылмыстық кұқығында татуластыру рәсімі былай ерекшеленеді татуластыру рәсімін абыройлы, беделді адам жүзеғе асырған. Тағайындалган жазаның мақсаты ең бірінші адамның ішкі әлемін қалпына келтіру болған.
Солтүстік Кавказ көшпелі халқының ақсақалдар сотының басты міндеті тараптарды татуластыру болған. Ақсақалдар сотының шешімі көшпелі халықтыц әдет-ғұрьш нормаларына негізделгендіктен, татуласу рәсімін колдану үшін екі жақтың келісімі міндетті больш саналған.
Медиация азаматтық - қүқықтық, соның ішінде, кәсіпкерлік немесе өзге экономикалық қызыметтер, еңбек және отбасылық кұкықтык қатынастардан туындайтын талас - тартыстар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын жеке құқықтық қатынастардан, сондай-ак. жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойьшша қылмыстық - кұқықтық салада туындайтын талас -тартыстарды шешуде қолданылады.
Дамыған, өркениетті елдерде медиаторлар қылмыстық істердің 32 пайызына дейін қарайды. Нәтижесінде, олардың 85 пайызына шешім шығарылады, іс екі жақтың бітісуімен аяқталады. Көрші Ресейде, Украинада дауларды соттан тыс қарау үрдісі карқынды дамып келе жатқанын БАҚ беттерінен көріп отырмыз. Оларда да медиация туралы немесе соған ұқсас заңдар қабылданған.
Әлеуметтік қүбылыстың мәні, татуласудың түсінігі, әр түрлі қарама-қайшы көзқарастарды, позицияларды қалпына келтіріп даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу болып табылады.
Сонымен қатар, Қармқақшы аудандық сотында кәсіпқой емес медиаторлардың көмегімен сот өндірісіндегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге медиацияны кеңінен пайдаланып жүзеге асырылуда. Атап айтқанда 2017 жылдың 12 айында екі жақты медиация (дауды реттеу) туралы шарттарын қолану арқылы қылмыстық істер бойынша 18- іске медиация қолданылып тоқтатылған болса, азаматтық іс бойынша 60 – іс медиация қолданылып тоқтатылған.
Қазіргі таңда татуластыру рәсімін кеңінен қоладануды әрі карай дамыту мақсатында көптеген ғылыми еңбектер жарық көруде. Татуластыру рәсімін тиімді қоланып, оны жүзеге асыру қоғамдағы азаматтарға байланысты. Осыған сәйкес татуластыру рәсімін кеңінен қолдансақ, адамзат қоғамының алға қарай жылжуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Қанат ЕСХАНОВ,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы.
01 ақпан 2018 ж. 1 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031