» » ИНТЕРНЕТ ПЕН ТЕЛЕВИЗИЯ АДАМДАРДЫ АШУЛАНШАҚ ЕТЕДІ

ИНТЕРНЕТ ПЕН ТЕЛЕВИЗИЯ АДАМДАРДЫ АШУЛАНШАҚ ЕТЕДІ

Астаналық психолог-маман Қазыбек Фрейдман қазіргі заманда адамдардың не үшін ашуланшақ болатынының себебін айтты.
«Бұл адамдардың санасындағы шектеулердің жоғалатындығымен байланысты. Бірінші кезекте бұл көңілің қалаған ісіңмен айналысуда шектеу болмайды деген сөз. Адамдар ақпаратты барлық көздерден ешқандай шектеусіз алады. Интернетте кез келген ақпаратты ешқандай қиындықсыз алуға болады. Осы жерде адамдардың ішкі дүниесі ашылып, олар желіде жазылған дүниелердің барлығын іске асыра бастайды»,-дейді ол.
Сондай-ақ психологтың пікірінше, бұл жерде телевизия мен ешқандай қиындықсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі де үлкен рөл ойнайды.
«Адамдар теледидар, кино көріп, түрлі видео ойындар ойнап, бір-біріне сан түрлі қатал, жантүршігерлік кісі өлтіру және зорлық-зомбылық әрекеттері туралы бейнероликтер жіберіп отырады. Осыдан келіп адамдардың өлімі, қорқыныш тудыратын емес, әдеттегі дүниеге айналады,-деп есептейді Фрейдман.
Психологтың пікірінше, қазіргі таңда отбасылық өмір де біршама өзгерістерге ұшырады. Бұл да адамдардың өміріне ықпал етуде.
«Мысалы, бұрындары отбасы басты құндылық деп бағаланып, өскелең ұрпақты оны сақтау қажет деп тәрбиелейтін. Қазір керісінше, адамдардың жеке өміріне баса мән беріледі. Егер саған ол ұнамаса, онымен өмір сүрудің қажеті жоқ. Оның кемшіліктеріне бас ауыртудың керегі жоқ, тек көңілің қалағаныңдай өмір сүру керек деген ұғым бар»,-деп қорытты сөзін сарапшы.
ҚазАқпарат
29 қаңтар 2018 ж. 1 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031