» » Босния және Герцеговина азаматы ерекше көлік ойлап тапты

Босния және Герцеговина азаматы ерекше көлік ойлап тапты

Босния және Герцеговина азаматы елден ерекше көлік ойлап тапты.
Үш дөңгелекті машинаның артықшылығы көп. Ең бастысы арнайы тұрақ қажет емес. Діттеген жерге жеткенде оны жол дорбасының көлеміндей етіп жинап, сүйретіп кете беруге болады. Оның үстіне қозғалыс үшін жанармай емес, электр қуатын пайдаланады. Аккумуляторы 5 сағат тынымсыз жүруге жетеді. Көліктің қаңқасын құрастыру үшін аллюминий, ал жүруі үшін кәдімгі велосипедтің дөңгелегі қолданылған. Мини машинаны құрастыру үшін инженер екі жыл тер төккен. Айтуынша, мұндай машинаны жасау туралы ой Германияға барған сапарында көлік тұрағының тапшылығын көргеннен кейін пайда болған. Енді инженер құрастырған техникасын одан ары жетілдіріп, көптеп шығаруды жоспарлап отыр. Алдын ала есебі бойынша оның құны 2 мың 700 еуро тұрады.
Элвис Церо, инженер:
– Көліктің бұл түрі өте тиімді. Ешқандай қиындықсыз аз уақыттың ішінде жол дорбасындай етіп жинап алуға болады. Шағын үйде тұратын адамдар үшін өте ыңғайлы. Гараж немесе арнайы тұрақты қажет етпейді. Кез келген бұрышқа қоя саласың.
24.kz
08 қаңтар 2018 ж. 2 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031