» » Apple қолданушылар дерегін Қытайға береді

Apple қолданушылар дерегін Қытайға береді

АҚШ-тың Apple компаниясы Қытайдағы қолданушыларының iCloud қызметіндегі деректерін Қытай билігіне бағынышты серверлерге көшіреді. Осылайша Apple Қытайдың сервері шетелде орналасқан қызметтер туралы заңын орындайды.
Apple клиенттеріне деректерді көшіру туралы хабарламалар таратып жатыр. Қытай серверлеріне мәліметтерін көшіруді қаламайтындар тіркеуден шыға алады. Бұл өзгерістің Қытайдан тыс жерде аккаунттары тіркелгендерге қатысы жоқ.
Қытайлық пайдаланушылардың деректері Қытайдың мемлекеттік компанияларының серверлеріне орналастырылады. Apple-дің айтуынша, «бұл iCloud қызметінің жылдамдығы мен сенімділігін арттырады». Мұндай өзгерістерді сынаушылардың пікірінше, ақпаратты жаңа серверлерде сақтау Қытай билігіне азаматтарының деректерін алу жолын жеңілдетеді.
Қытай заңнамасы билікке интернетте қатаң бақылау орнатып, шектеу жасауға мүмкіндік береді. Билік мұны «кибердербестік» деп атап, интернет бостандығын шектеу «ұлттық қауіпсіздікке қажет» деп айтады.
Қытай заңнамасы бойынша шетелдік компаниялар деректерін мемлекет ішінде сақтауы тиіс және мұндай цензураны айналып өтетін кез келген бағдарламаға тыйым салынған.
12 қаңтар 2018 ж. 1 346 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

09 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728