» » » ҚАЗАҚСТАН – ӘЛЕМДІК АРЕНАДА

ҚАЗАҚСТАН – ӘЛЕМДІК АРЕНАДА

Осыдан ширек ғасыр бұрын қандай едік? Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағанда, шіркін “мемлекет” деген статустың тұрақтағанын көзімізбен көріп, ұлттық мемлекеттің өкілі екенімізді өзімізден бөтен ел таныса ғой дедік. Әлем жұртының құлағы “Қазақстан” деген мемлекетке үйреніп, дағдыланса деп арман еттік.
Мемлекеттігіміздің ең алғышартты белгілерінің бірі – Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа толыққанды мүше болып, әлем мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты.
Еліміздің тұңғыш Президенті тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән берді. Ол мәртебенің нығая түсуі жолында аянбай еңбек етіп келе жатқандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.
Әлемдік дәрежеде өркениетті елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналып отырғанын әңгіме етер тұста кешегі күнімізді де еске алғанымыз ләзім.
Мемлекетіміз дүниеде болып жатқан құбылыстарға сырттан бақылаушы болып, тағдыр не сыйлар екен деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Қазақстан әлемге өзінің бейбіт ниеті, өркендеуге, дамуға әзірлігі, тиянақты бағыты, бағдарламасы, бәсекелестікке қабілетті болашағы бар ел екенін көрсетті.
Сыртқы саясат Мәңгілік ел болуымыздың маңызды тетігі болумен бірге, басты кепілі. Қазақстан Президенті өз Жолдауларында сыртқы саясатты жаңғыртудың негізгі басымдықтары ре­тін­де аймақтық және ұлттық қауіпсіздікті жан-жақты нығайту, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту, мәдени-гуманитарлық, ғылым-білім және басқа да салалардағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру мәселелерін алға тартып отыруы еліміздің сыртқы ортамен ынтымақта болуына үндейді.
Нұрсұлтан Әбішұлы аз уақытта Қазақстанды тәуелсіз мемлекет етіп қайта құрды. Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзі сауда ұйымының қатарына қосты. Мемлекеттің рес­ми астанасын көшіріп, Сарыарқадан жаңа тұрпатты қала тұрғызды. Семей атом полигонын жауып, халықаралық қауымдастықты Қазақстаннан үлгі алуға шақырды. Әлемдік аренадан өзіндік орын алуымызға сеп болды.
Бейбіт те баянды өмір жан-жағымыздағы көршілес елдердің де тыныштығымен тікелей байланысты. Еліміз Ирактағы бітімгерлік миссиясына белсенді қатысып, Ауғанстанға көмек көрсетті және Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблемаларды шешуге ықпал етті. Сондай-ақ, БҰҰ шеңберінде Нью-Йоркте және Астанада бейбітшілікті қолдау және терроризмге қарсылық форумдары өтті. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында Қазақстан бейбітшіліктің кепіліне, бітімгершіліктің көпіріне айналды.
Түркияның Сириямен шекаралас аспанында ресейлік «Су-24» әскери ұшағы атып түсірілгеннен кейін Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісті. Жеті айға тоқтап қалған Ресей-Түркия байланысының қайта қалпына келуіне Елбасымыз тікелей үлес қосты. Әрі дос, әрі туыс саналатын мемлекеттер арасында геосаяси жағдай бізге де әсер етеді. Осы мәселені мұқият бақылауына алған Н.Назарбаев орыс-түрік қарым-қатынасының түзелуіне тікелей үлес қосып, күш салды. Осы уақытта Елбасының үздік саясатын бүкіл әлем тағы да мойындады. Биылдыққа Елбасының жолы түскен алғашқы ел АҚШ болды. Ақ үй қожайыны да жыл басындағы бірінші мейманын қабылдады. Орталық Азия елдері ішінде Дональд Трамп өз резиденциясына ресми сапармен шақырған алғашқы президент қазақ көшбасшысы.
Елбасының АҚШ президентімен кездесуі де әлемдік саясаттағы айтулы оқиға. Екі көшбасшы Қазақстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және егемендігін, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен өркендеу ісін ілгерілетуде бірқатар мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Президенттер адам капиталын дамытуға деген ұмтылыс екі елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігіне қолдау болатын болашаққа деген инвестиция екенін мойындады. Екі ел арасындағы дипломатиялық және консулдық байланыстарды кеңейтуді жөн көрді.
Еліміздің және Елбасымыздың халықаралық деңгейдегі беделі уақыт өткен сайын биіктерден көріне түсуі тек бейбіт бастамаларды қолдайтынынан болса керек. Әлем елдері бүгінгі күнімізге, тұрақтылығымызға қызыға да, қызғана да қарайды.
Алдағы уақыттарда да көршілес мемлекеттермен бауырластық байланыстар да, іскерлік қарым-қатынастар да жоғары дәрежеде дами беретіндігіне еш күмән жоқ.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ.
22 қаңтар 2018 ж. 4 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031