Елеулі еңбек

Кез келген мемлекеттің қалыптасуы мен дамуынан сыр шертетін тарихи еңбектер ең бірінші, бүгінгі және келешек ұрпақ үшін құнды, ғылыми-танымдық мұра болып есептеледі. Мұндай еңбекті жазудағы басты мақсаттың бірі әрі ең бастысы да осы болса керек. Ол еңбек  мемлекеттің негізін қалап, қалыптасуы мен дамуына тағдыр-талайын арнаған Елбасы қаламынан туса оның шынайылығы мен деректілігінің, мәні мен маңызының ғылыми, тарихи құны аса жоғары болатыны сөзсіз. 
Осындай еңбектің бірі – жақында ғана оқырман қолына тиген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» деп аталатын тарихи-публицистикалық, ғұмырнамалық-танымдық еңбегі.
Бұған дейін де егемен еліміздің негізінің қалануы, оның қалыптасу кезеңдері мен ел Тәуелсіздігі жолында ерекше еңбек сіңірген тұлғалар туралы Елбасымыз Н.Назарбаевтың бірнеше тарихи-публицистикалық кітаптары жарық көріп, оқырман тарапынан ыстық ықыласқа бөленді. «Қазақстан жолы» (2012), «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» (1997), «Сындарлы он жыл» (2003), «Тарих толқынында» (1999), «Тәуелсіздік белестері» (2012), «Ғасырлар тоғысында» (2003) т.б. Елбасы қаламынан туған кітаптар қазір әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Аталған шығармалар Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын зерттеушілер үшін құнды деректер екені анық.
Ұлттық тарихымыз, халқымыздың сан ғасырлық жүріп өткен жолы, сол сүрлеу-соқпақтағы «ақтаңдақ кезеңдер» әлі де зерттелу, зерделену үстінде. Шынайы тарихты әлі де жаза алмауымыздың бірнеше себебі бар. Соның ең бастысы, кезінде хатқа түсіп қатталған еңбектердің болмауы, бар бола қалса, олардың ұлттық ұстаным тұрғысынан жазылмауы.
«Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қа­зақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қа­зақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» атты 4 тараудан тұратын еңбек ел дамуының елеулі кезеңдерін қамти отырып, әлемдік өркениетте қазақстандық моделдің қалай танылғандығынан да сыр шертеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы халыққа арнаған жолдауында Елбасымыз Н.Назарбаев «Сыраттың көпіріндей қыл­тылдаған уақытта халық маған өз тағдырын сеніп тапсырды» дей келе, осы ауыр жүкті арқалаудың жауапкершілігін жан-тәнімен сезінетіндігін айтқан еді.
Кітапта Тәуелсіз Қазақ елін әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани жағынан дамытып, мемлекет ретінде саяси жүйесін қалыптастырудағы қиын кезеңдер шынайы баяндалған. Ең бастысы, сарабдал саясаткер, әлем мойындаған Қазақ Президенті Ұлы дала елін бұдан ары өркендетудің жолын көрсетеді.
Кітаптың кіріспесінде Н.Назарбаевтың «Елдің қандай жол жүріп өткендігі мен алдында не күтіп тұрғандығын сезінетін, тек еркін, тәуелсіз, білімді және жауапты азаматтар ғана күшті, гүлденген мемлекет құра алады. Бұл кітап біздің еліміздің алғашқы онжылдықтарындағы даңқты тарихын – тәуелсіз Қазақстанды жақсы тануға және түсінуге көмектеседі. Еліміз үшін тағы да мақтаныш сезініп, бола­шақ құрылысшылардың қатарына қосылуға болады» деген сөзі өз халқына аянбай еңбек еткен ұлт перзентінің ұлы мақсатын көр­сетеді.
Еңбек тек ел тарихын зерттеушілер үшін ғана емес, болашақ ұрпақты елжандылыққа, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде ерекше маңызды болып саналады.
Ғабит ТҰЯҚБАЕВ,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты
09 қаңтар 2018 ж. 1 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031