» » БҰЛ – ТАРИХИ ШЕШІМ

БҰЛ – ТАРИХИ ШЕШІМ

Астана – Президенттің жасампаз қолтумасы және қайталанбас жауһары. Тәуелсіздік туы көтерілген күрделі жылдар туралы Президент өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде: «Біз Астананы нөлден бастадық. Көшіру барысында барлық қиындықты бастан өткердік. Бұл бізге арман болатын. Енді керемет қала, Қазақстанның жүрегі және мақтанышы» деп жазған болатын. Әрине, Астананы әсем қала Алматыдан Арқа төріне көшіру де Елбасының нақты шешімі болатын. Сол кезде қанша теріс пікірлер де айтылды. Десе де, Еліміздің Тұңғыш Президенті қиындық атаулыдан жасқанбай, тәуекел етуге тайсалмайтын ержүректілік танытты. Осылайша, тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының күретамырында бой көтерген Астана – ғасырлар тоғысында дүниеге келген ғажайыптардың бірі екені даусыз.  Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи тұлға. Оның Қазақстан халқының болашағы үшін сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оған дәлел ретінде бүгінде өзінің сәулетімен ел ажарын ашып, елімізді əлемге танытқан Астана қаласын айтуға болады. Астананы Елбасы есімімен атау, бұл – Тұңғыш Президентіміздің маңдай тер, бейнетіне берілген үлкен баға деп есептеймін.
Дастан Буханов,
«NurOtan» партиясы Қармақшы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
аудандық мәслихат депутаты.
01 сәуір 2019 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031