» » АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ

АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨЛ ТУЫНДЫСЫ

Бүгінде Қазақстанды жаһан жұртшылығының танып-білуі – Елбасы саясатының жемісі. Кеңес одағы ыдыраған соң болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді елді кемеңгерлікпен алға жетелеген де Елбасымыз. «Үйге келгенше қонақ ұялады, қонақ келген соң үй иесі ұялады» демекші, сол бір сындарлы уақытта сырттан қонақ қабылдау да жеңіл болмады.
Сондай сәтте Елбасы Ақмоланы Қазақ елінің астанасы етіп, оған Астана деп ат қойды. Оның аты ғана өзгермеді, сонымен қоса, заты да түбегейлі өзгеріске түсті. Әлемдік деңгейдегі архитекторлардың басын біріктіріп, Астананы айдай әлемге паш етті. Жаңа елорда шетел қонақтарын емен-жарқын қабылдайтын, ешкімге қымсынбай көрсететін айбынды қалаға айналды. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің арман-мақсаты, іскерлігі мен көрегенділігі, тарихи талғам-танымы мен ерен еңбегі жатыр. Жаңашылдықпен, жасампаздықпен бой көтерген астана – Елбасының төл туындысы. Сол себептен де еңселі елордаға Нұр-Сұлтан атауы берілсе – нұр үстіне нұр. Тарихта «темір ханым» аталып кеткен Маргарет Тэтчер айтпақшы, «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігіндегі ең беделді, ең танымал саясаткер. Бүгінде әлемде ең ықпалды бес-алты саясаткер болса, оның қатарында Нұрсұлтан Назарбаев та бар», – деген-ді. Елорда шаһарына Нұр-Сұлтан атауының берілуі дұрыс шешім.
Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
27 наурыз 2019 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930