» » » ДӘУІРДІҢ ЛЕБІ, ДАМУДЫҢ ЛЕГІ

ДӘУІРДІҢ ЛЕБІ, ДАМУДЫҢ ЛЕГІ

Ерке Есілдің жағасынан, Арқа төсінен осыдан жиырма жыл бұрын жаңа астана бой көтерді, ол әлемдегі ең әсем қалалардың бірі болады дегенге ешкім сенбес еді. Қазақстанда совет үкіметі ыдырап, тәуелсіздіктің елең-алаңында көптеген қиындықтардың болғаны рас. Кешегісі бүтінделмеген, бүгіні белгісіз, ертеңі бұлыңғыр елде Елбасы бірқатар тарихи маңызды шешімдер қабылдады. Соның бірі де бірегейі-жаңа астананы Алатау бөктеріндегі әсем қала-Алматыдан Арқаның сайын даласына, Ақмола қаласына көшіру болатын.
Мемлекет басшысының бұл идеясына жұртшылық үміттен гөрі – күдікпен, сенімнен гөрі – кү­мән­­мен қарағыны жасырын емес. Қы­сы қытымыр аяз әрі ұзақ сол­түс­­тік өңірді көптеген адамдар Елба­сы идеясын ақылға сый­ғысыз деп те есептеді. Алайда, ұлт жанашырлары, қоғам қай­рат­­керлері сол жылдары Ар­қаға ат басын тірей бастады. 1998 жылдың 6-шілдесінде осыдан тұп-тура 20 жыл бұрын еліміздің бас қаласын ауыстыру туралы шешім қабылданып, оның тұсаукесері 10-маусымда салтанатты түрде аталып өтті.
Елорда көшінен кейінгі әңгіме-астананың атауы болғаны әлі күнге көз алдымызда. Ата басылымдарда халық қала атауына байланысты үн қосып, түрлі ұсыныс-пікірлер жазып жатты. «Нұрқала», «Ақорда», «Елорда», тағысын тағы дегендей... Бұл мәселенің нүктесін Елбасы өзі қойды. Қазақстан Рес­публикасының жаңа астанасы – Астана деп аталды. Жалпы, астана көшіру – әлемдік тәжіри­беде бұрыннан бар дүние. Мы­сал­ға айтар болсақ, Түркия елі Ыстамбұлдан Анкараға, АҚШ Нью-Йорктен Вашингтонға көшіру саясатын жүргізген.
Ұлт көшбасшысы жаңа аста­на­­ны көшіруде бірнеше өл­шем­­­дерді негізге алған-ды. Со­­ның бір­қатары: әлеумет­тік-эко­­но­ми­калық динамика, сейс­мо­ло­гиялық жағ­дай, инже­нерлік, кө­ліктік инфра­құры­лым, коммуникация, құры­лыс, еңбек ресурстары, инновация, тағысын тағылар.
Жер көлемі жағынан шағын, ат төбеліндей халқы бар Астана қаласы 20 жыл ішінде жылдам және заманауи үлгіде дамыды. Келбеті келіскен, ажары әсем ару қалаға айналды. Әлемдегі «ақылды қалалар» тізімінен ойып тұрып орын алды. Бүгінде бұл тарихи шешімнің дұрыстығына, ел президентінің даналығына ешкім күмән келтіре алмайды.
– Қазақстанды геосаяси жоспар тұрғысынан нығайту үшін қажет еді. Астана Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, яғ­ни Еуразия құрлығының қақ ортасында, мұхиттардан бір­дей қа­шықтықта орналасқан. Еуро­па­лық және азия­­лық дәстүрлерді бойы­на то­­ғыс­тырған бұл қала Батыс пен Шы­ғысқа да, Оңтүстік пен Солтүстікке де ашық бола алады. Бұл шешімде қауіпсіздік мәселесі де елеулі рөл атқарды. Тәуелсіз елдің астанасы сыртқы шекаралардан мейілінше қашық және елдің орталығында болуы тиіс еді. Астананы өзгерту Қазақстан экономикасы үшін де қажет болды. ...Астананы құрамы жағынан көп ұлтты өңірге көшіре отырып, біз тұрақты саяси-этностық мемлекет құру, Қазақстанды мекендеген этностар арасындағы достықты сақтау мен байыту, діндер мен конфессиялардың қақтығыссыз тату өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі бағы­тымызға адал екенімізді тағы бір дәлелдедік, – деп жазды Елбасы «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде.
Астана Елбасының төл туындысы. Биыл тарихи шешімнің 20 жылдығын мемлекеттік тұрғыда атап өтеміз. Елімізде оған қатыс­ты шаралар басталып та кетті.
Қазақ елінің айбары, Еуразия жүрегі – айшықты Астананың мәртебесі тасып, гүлдене берсін деп тілейік!
Сәрсенкүл АҚКІСІ.
19 қаңтар 2018 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031