» » » Хабар» арнасы «Тасөткел» тарихи драмасын ұсынады

Хабар» арнасы «Тасөткел» тарихи драмасын ұсынады

«Тасөткел». «Хабар» арнасы жуырда көрермендерге осындай атаумен жаңа телехикая ұсынады.
Онда ашаршылықтан құтылғанда, ата-анасынан айырылған жеті жастағы Қасымның балалық шағы мен қилы тағдыры бейнеленеді. Туған елден жырақ Ауғанстанда өзінің кім екенін білмей өскен бала кейін ер жетіп, өз Отанын табады. Бірақ атамекенге апарар жол өте ауыр болады.
30-жылдардың басы. Ашаршылық. Адамдар азып-тозып, тұрмыс тоқыраған кез. Бір тілім нанға зар болған халық құлқынның қамы үшін жат елге босып кетіп жатты. Ауғанстанды бетке алған бір отбасы ұзақ жолдың кесірінен аштықтан қырыла бастады. Қазақстаннан ата-анасымен бірге аттанған жеті жастағы Қасым Ауғанстанға тұл жетім боп жетеді.
Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:
– Фильмнің негізгі идеясы – бір адамның тағдыры арқылы 30-40-жылдары сыртта жүрген елде өмір сүріп жатқан қазақтардың тарихын көрсету. Сол жылдардағы әлі де көп ақтаңдақ беттерді ашып көрсету. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Тағдыр Қасымды талай қинады. Ата-анасынан айырылғаны аздай, ұлтының кім екенін, қайдан келгенін, түп-тамырын білмеді. Ауғанстанда да тыныштық жоқ, соғыс басталады. Қасым Түркия асады. Ептілігі мен іскерлігінің арқасында кейін кәсіп ашып, тұрмысын біршама түзейді.
Сержан Зәкірұлы, сценарий авторы:
– Енді-енді есін біліп келе жатқан бала жат жұртта өсті. Ешкім оған «сен қазақсың, сенің атаң осындай» деп айтқан жоқ. Ол жетім қалып, жетім өсті. Сонда да ол қанында бар тектілігімен, түптің түбінде өзінің кім екенін іздеп тапты. Туған жеріне оралды.
Шығармашылық топ көптеген сериалда бас рөлді сомдаған актерлерді емес, танымал болмағанымен, таланты өзгеден кем түспейтін әртістерді таңдаған. Тек бір адамның ғана емес, тұтас қазақтың тағдыры суреттелген тарихи драма ертеңнен бастап кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.
16 қаңтар 2018 ж. 1 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930