2018-ЖАҢА БАСТАУЛАР МЕН БАСТАМАЛАР ЖЫЛЫ БОЛҒАЙ

130-дан аса ұлт бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан жер бетінде мемлекет жоқ. Бұл біздің Елбасымыздың кемеңгерлігінің, сара саясатыныңарқасы деп түсінгеніміз абзал. Қазақстандықтар тәуелсіздік аспаны астында 26 жыл өмір сүріп отыр. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қызғыштай қорғаған ұлан байтақ жерімізді, бақытты елімізді бүгінде әлем жұртшылығы жақсы таниды.
Өткен жыл тамыры терең тарихымызды түгендеген, елі үшін еңіреп туған ерлер мен батырлардың рухын қайта жаңғыртқан жыл болғаны сөзсіз. Ауданда, облыста Тәуке ханның бас қолбасшысы болған Текей батыр Қарпықұлының 350 жылдығы кең көлемде аталды.
Енді есігімізден енгелі тұрған 2018 жылға тілегім-айдан-айға аман жетіп, жылдан-жылға дамып, гүлдене берейік,-дегім келеді.
Жаңа жыл-жаңа табыстар мен жаңа бастамалардың жарқын жылы болғай.
Пал БАЙМАХАНОВА,
«Қармақшы ауданының құрметті азаматы».
«Қармақшы ауданының құрметті азаматы».