» » Өмір бойы шетелде тұрса да, қазақ тілін ұмытпаған дәрігер елді тамсантты

Өмір бойы шетелде тұрса да, қазақ тілін ұмытпаған дәрігер елді тамсантты

Саналы ғұмырының 20 жылын медицинаға арнап, ми, жұлын, жүйке жүйесіне ауыр операцияларды жасап жүрген еуропалық қазақ жігіті әлі күнге дейін ана тілін ұмытпаған.
Германияда дүниеге келіп, тарихи отанына тек бір-ақ рет келген Жәдік Шенол қазақ тілінде еркін сөйлейді, сонымен қатар, әлемнің жеті тілін жетік меңгерген. Бүгінде есімі медицина саласында әлемге танылып келе жатқан Жәдік 4 мыңнан астам ауруға ота жасаған.
"Қазір менің тәжірибем сол 20 жылға жуық уақыт болды. Сол нейрохирургияға бастағалы. Мен осы бәрін тізбектеп отырдым. Қазірге шейін сол 4 мыңнан астам ауруға нефрохирургиялық ота жасадым. Оның ішінде мидың ісіктері бар, мидың тамырындағы аурулар, миға қан құйылған. Мидың су жиналғаны, гидроцефалия дейміз немесе жұлын, жұлындағы аурулар, жұлындағы рактар, жұлындағы дегенерация дейміз", - дейді Медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенол.
Дәрігердің тарихи отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметі де ерекше. Ол сәті келсе елден келген қазақ балаларына операцияны тегін жасайды.
"Бізге қиналып келген аурулар бар. Оларға операция жасап біткеннен кейін, олар риза болып кетеді. Жастарамызға айтарым, қашан да болса еңбек етсін, тілін білсін, жалқау болмасын", - дейді Жәдік Шенол.
Айта кетейік, Жәдік Шенолдің төрт баласы қазақ жерін мүлдем көрмесе де, қазақ тілінде еркін сөйлейді.
11 қаңтар 2018 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728