Құрылтай
» » ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ КҮН

ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ КҮН

Қиындығы мен қуанышы қатар жүретін білім беру саласында шығармашылық ізденістермен жетістіктерге жетіп, шәкірттердің биік белестерден көрініп жүргендеріне мақтанамыз. Осы орайда шәкірттеріміз "Алтын белгі" мен "Үздік аттестатты" иеленіп, үкілеген үмітіміз ақталып, бір топ бастауыш сынып мұғалімдері Астана қаласына саяхаттап қайтқан болатынбыз.
Бәріміз жайдарлы көңіл-күймен Астана қаласына жол тартып, көптеген әсем ғимараттарды аралап, экскурсия жасадық. Атап айтар болсақ, Н.Ә.Назарбаев кітапханасы мен мұражайы, "Бәйтерек", "Ханшатыр" сауда кешені мен Хазірет сұлтан мешіті, Кенесары мен Наурызбай ескерткіштері, "ЭКСПО-2017" көрмесінің ғимараты және түнгі Астана көріністерін тамашалап, мәз-мейрам болдық.
Біз ұлы есімді ұстаздар қауымы еңбегіміздің еленіп, елордамыз Астана қаласына демалыс саяхатын ұйымдастырған қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының төрайымы Райкүл Байназароваға, облыстық мәслихат депутаты Әнуарбек Дәуленбаевқа, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Жұлдызай Молдабаеваға шексіз ризашылығымзды білдіреміз.
Астана төрінде өткен керемет тынығу күндері мәңгілік есімізде сақталады.
 
Шара Жұмабекова,
№250 мектеп мұғалімі.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 642
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31