» » Ақорда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзінді жариялады

Ақорда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзінді жариялады

Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Facebook парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың архив суреттері мен «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан үзіндіні жариялады.
«1998 жылы әуежайдан келе жатқан жолда «Еліміздің жаңа орталығын «Астана» деп атауды дұрыс көрем» деп, ойымда жүрген сөздің ұштығын шығарып қалған едім. Кешқұрым резиденцияда астана атауына байланысты әңгімеміз жалғасты.
«Астана» деп атауға не себепті ықыласым ауғанын айтып, дәлелді дәйектер келтірдім. «Біріншіден, «астана» сөзінің мағынасы айқын. Елдің бас қаласы ұғымын білдіреді. Екіншіден, саяси және тарихи тұрғыдан алғанда да, әркім әрқалай түсініп, қабылдайтындай атау емес. Үшіншіден, «астана» деген сөздің өзі қаланың атқаратын қызметін көрсетіп тұр.
Мемлекеттік тілде айтсаң да, басқа тілде айтсаң да, құлаққа жағымды, айдынды атау. Оның үстіне жаңа астаналар тұсаукесерінде қала атауы – әлем мемлекеттері бас қалаларының тізіміне еніп, қала символына айналуы да мүмкін», – деген едім».
31 қаңтар 2018 ж. 1 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 970
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30