» » Президент сайлауы: қазақстандықтардың 35,1%-і дауыс берді

Президент сайлауы: қазақстандықтардың 35,1%-і дауыс берді

Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 35,1%-і дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның ішінде:
  • Ақмола облысы бойынша – 45,9 %
  • Ақтөбе облысы  – 50,3%
  •  Алматы облысы – 47,3%
  •  Атырау облысы  – 33,5 %
  • Шығыс Қазақстан облысы  – 44,8%
  • Жамбыл облысы – 43,7%
  • Батыс Қазақстан облысы  – 26,1%
  • Қарағанды облысы – 29,6%
  •  Қызылорда облысы  – 39,3%
  • Қостанай облысы – 35,5%
  •  Маңғыстау облысы – 29,3%
  • Павлодар облысы  – 36%
  • ·Солтүстік Қазақстан облысы – 33,9%
  • Түркістан облысы – 30%
  • · Нұр-Сұлтан қаласы  – 24,6%
  • Алматы қаласы  – 19%
  •  Шымкент қаласы – 24,6%.
Айта кетсек, 2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 12:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 41,69%-і дауыс берген

Президент сайлауы қалай өтіп жатыр

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.


Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.
Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат төрағасы Дариға Назарбаева, үкімет басшысы Асқар Мамин, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері дауыс беріп үлгерді.

Президентікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.


09 маусым 2019 ж. 1 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 404
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728