» » Кәсіби мерекелерге арналған салтанатты іс-шара өтті

Кәсіби мерекелерге арналған салтанатты іс-шара өтті



Аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер мен полицейлердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Өздеріңізге белгілі, 12 маусым еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланып, медицина қызметкерлерінің күні – бүгін мемлекеттік қызметшілер және Полиция күнінмен бірге ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары Дүр Оңғар, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдарында дәрігерлік амбулатория бой көтеретінін жеткізді.

Сондай-ақ, биыл аудандық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқандығын және жаңа компьютерлік томография кабинеті ашылғандығын айтты.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауданды экономикалық дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Одан соң, халық денсаулығын нығайту, қоғамдық тәртіпті сақтау және мемлекеттік қызметте табысты еңбек етіп жүрген сала үздіктеріне облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстап, құрмет көрсетті.

Салтанатты іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
25 маусым 2023 ж. 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031