» » Ел алғысына бөленген күн

Ел алғысына бөленген күн


Маусым айы ерекше мерекелерге толы. Онда медицинаның, мемлекеттік қызметшілердің және полицейлердің кәсіби мерекесі қамтылған. Атаулы күндерді мерекелеу аудандық мәдениет үйінде өтті.
Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Полиция үшін қашан да қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, адамдардың тыныш, бейбіт өмір сүруін тұрақты қадағалау – басты міндет. Ал дүние есігін жаңа ашқан сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында медицина қызметкерлерімен сан мәрте ұшырасатынымыз хақ. Сол себепті де осы сала мамандарына барша адамзаттың айтар алғысы шексіз.
Жиында аудан әкімі Жандос Еркінбек сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудандық экономикалық дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Бүгінде ауданымызда барлығы 144 мемлекеттік қызметкер жұмыс істесе, қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолында антына адал, ел қорғаны деген атаққа лайық 88 полиция қызметкері, сонымен қатар аудан халқына 74 дәрігер, 380 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді.
Іс-шарада қызметте табысты еңбек етіп жүрген сала үздіктеріне облыс әкімінің және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Жиын соңында аудан өнерпаздары көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлап, әннен шашу шашты.       
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
27 маусым 2023 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930