» » Статистика саласы қызметкерлеріне кәсіби мерекеде құрмет көрсетілді

Статистика саласы қызметкерлеріне кәсіби мерекеде құрмет көрсетілді

qarmaqshy-tany.kz Статистика – бұл біздің өмірімізді әсірелемей сипаттайтын сандар. Барлық мемлекеттердің өмірінде ресми статистиканың рөлі өсуде. Кез келген салада уақытылы және объективті ақпараттарсыз тиімді шешімдер қабылдау мүмкін емес.

Статистикалық органның негізгі міндеттерінің бірі – барлық пайдаланушыларды толық, шынайы және жедел статистикалық ақпаратпен қамту болып табылады.
Жыл сайын 8 қарашада Қазақстанның статистика саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудандық статистика бөлімінің қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.

Салтанатты шарада аудан әкімі сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, игі тілегін білдірді.
Сонымен қатар аудандық статистика бөлімінің ұжымына аудан әкімі атынан кәсіби мерекеге орай «Құттықтау хат» табысталды.

Сондай-ақ, статистика саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Шара барысында аудандық ардагерлер төрағасы Асқар Ермағамбетұлы және аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы сөз алып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжарма лебіздерін жеткізді.
09 қараша 2022 ж. 658 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10420)

15 шілде 2025 ж.

№51 (10419)

12 шілде 2025 ж.

№50 (10418)

09 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 081
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031