» » Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы аясында 18 және 19 қаңтар күндері Нью-Йоркте бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан мен Кувейт елдеріндегі өз әріптестерімен, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысымен кездесті.   Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде әріптестер достық мәндегі дәстүрлі қалыпта екіжақты қарым-қатынастың дамуын талқылап, жаһандық және аймақтық мәселелерге байланысты пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер айтылып, аталған сұрақтарға байланысты Астана мен Мәскеудің ұстанымының жақындығы дәлелдене түсті. Қайрат Әбдірахманов 2017 жыл бойы Астананың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамындағы жұмысына қолдау білдіргені үшін ресейлік әріптесіне алғыс білдірді. Өз кезегінде Сергей Лавров Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалық қызметіне жоғары баға берді. Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен болған кездесуде Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы аймақтық және жан-жақты мәселелерді талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтың өткен жылдың соңында Астанаға ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылуын қаузады. Қайрат Әбдірахманов Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджид Асловпен Астана ме Душанбенің аймақтық және екіжақты ынтымақтастығын талқылады. Тәжік дипломаты Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі бірінші рет төрағалық етуіне және Ауғанстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты дебаттың шақырылуына жоғары баға берді. Қазақстанның Сыртқы істер министрі сонымен бірге Кувейт Мемлекетінің сыртқы істер министрі - Премьер-министрдің орынбасары Шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарымен қатар, ортақ мүдде тұрғысында бірқатар халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Қайрат Әбдірахманов БҰҰ аясында бірсыпыра халықаралық жобалардың бастамашысы болып жүрген Кувейттің белсенді рөлін ерекше атап өтіп, Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүше ретінде бұл елдің жаһандық қауіпсіздікті нығайтуда өз үлесін қосатынына сенім білдірді. 19 қаңтар күні Қазақстан СІМ басшысы дәстүрлі түрде ай сайын өтетін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше-мемлекеттердің өкілдерімен кездесуіне қатысты. Қайрат Әбдірахманов қатысушыларды Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің жұмыс барысымен таныстырды. Қазақстандық дипломат өз сөзінде Астана алаңы Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтатуға айтарлықтай үлес қосып, БҰҰ ұраны бойынша Женевадағы келіссөз процесіне қосымша дем беріп отырғанын атап өтті. Кездесуге қатысушылар сонымен бірге, Колумбиядағы ахуалды, сондай-ақ БҰҰ бітімгерлік миссиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарын талқылады.

21 қаңтар 2018 ж. 1 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031