» » БҰҰ ҚК-де Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің жобасы таныстырылды

БҰҰ ҚК-де Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің жобасы таныстырылды

Құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми түрде жариялады. Іс-шара БҰҰ-да үлкен қызығушылық тудырды. Жобаны таныстыру мен оны талқылауға 100-ден астам ұйымға мүше-мемлекет делегациясы қатысты. Жоғары дәрежедегі қатысушылар арасында Кувейттің премьер-министрі - сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед ас-Сабах пен Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмет Карзай болды. БҰҰ Контртеррористик басқарма басшысы - Бас хатшының орынбасары Владимир Воронков пен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча баяндама жасады. Қазақстаннның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қ. Әбдірахманов отырысты аша отырып, Қазақстанның халықаралық лаңкестікке қарсы күреске қосқан үлесі ретінде бастамашылық жасаған кодекс бойынша жұмыстың мақсаттары мен негізгі мазмұнын атап өтті. Құжаттың негізгі мақсаты - терроризмнен азат әлем құру мақсатында 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына қол жеткізу және контртерроризм бойынша серіктес-елдердің кең халықаралық коалициясын құру. В. Воронков қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны тұрақты дамыту жолындағы Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Астананың рөлі мен жұмысын атап өтті. М. Енча өзінің баяндамасында контртерроризм бойынша Қазақстан мен БҰҰ мақсаттарының сәйкес келетінін тілге тиек етіп, осы бастамада Астанаға сәттілік тіледі. Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Тәртіп кодексінің жобасына жоғары баға беріп, халықаралық ынтымақтастық пен БҰҰ контртеррористік архитектурасын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Отырыста сөз сөйлеген Қауіпсіздік кеңесінің мүше-елдері делегациялары Қазақстанның бастамасын қолдады және болашақта жобаны жетілдіру мақсатында талқылауға дайын екендіктерін жеткізді.
21 қаңтар 2018 ж. 1 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031