» » Мирослав Енча: Ядролық қарудан өз еркімен бас таратқан Қазақстан жоғары беделге ие

Мирослав Енча: Ядролық қарудан өз еркімен бас таратқан Қазақстан жоғары беделге ие

Ядролық қарудан өз еркімен бас таратқан Қазақстан және мемлекет басшысы ядролық қаруды таратпау мәселесінде жоғары беделге ие және жаһандық деңгейде ядролық қарусыздандыру тақырыбын қолдайды. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча айтып берді, деп хабарлайды.
Мирослав Енча Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шиеленістің артуына және ядролық қарудың таралу қаупіне қарамастан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» брифингіне жеке қатысуы Қазақстанның аталған жаһандық мәселеге ерекше назар аударатындығын білдіреді деп атап өтті.
«Ядролық қарудан өз еркімен бас таратқан Қазақстан және мемлекет басшысы ядролық қаруды таратпау мәселесінде жоғары беделге ие және жаһандық деңгейде ядролық қарусыздандыру тақырыбын қолдайды. Басқа өңірлерде осындай қадамдарды көргім келеді», - дейді ол.
Сондай-ақ, Мирослав Енча Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес Қазақстанның бастамасымен құрылғандығын еске салып өтті.
БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Қазақстанның Сириядағы қақтығысты реттеудегі қосқан үлесі туралы да атап өтті.
«Астана процесінің Сириядағы қақтығысты шешуге қосқан үлесі зор. Бұл шиеленістің азаюы, деэскалация аймақтарын құру болып табылады. Ең бастысы, бұл кездесулер Женевада БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура басшылығымен өтетін осы мәселені шешудегі саяси процесті қолдайды», - дейді Енча.

15 қаңтар 2018 ж. 1 330 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031