» » ЕЛБАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАСЫ БАЯНДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ БАСТАМАСЫ БАЯНДЫ

Қазақстан осы айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төрағалық ету тізгінін қолға алды. Халықаралық тұрғыда бұл – біздің еліміз үшін үлкен абырой. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік алғаннан бері БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде оншақты рет болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы жұмыстарына қатысты.
БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессия­сында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев екі маңызды ұсынысты алға тартты. Бі­рін­шісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір+бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Екіншісі – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін (АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқын­дауда айтар­лықтай рөл атқарды.
Осы мінберден Президент Н.Назарбаев әлемдік қоғамдастықтың назарын эко­логиялық өзекті проблемаларға аударды. Арал теңізі маңындағы және бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы экологиялық жағдай мәселелерін көтерді. 1997 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы халық пен экологияны сауықтыру, сондай-ақ Қазақстандағы Семей өңірінің экономикалық дамуы мақсатында халықаралық ынтымақтастық пен үйлестіру қызметі туралы қарар қабылдады.
Әлемдік қоғамдастықты Қазақстан­ның тәжірибесінен үлгі алып, ядролық қарудан бас тартуға шақыру бастамасы да маңызды болды. Тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбург саммитінде ұсынылған Қазақстан бастамасына назар аударылды және БҰҰ аясында Әлемдік экологиялық проблемалар реестрін жасау тағы бір рет ұсынылды. 2003 жылғы Жер саммитіндегі секілді тағы да Аралды құтқарудың ха­лықаралық қорына БҰҰ институтының мәртебесін беру ұсынысы; – БҰҰ аясында Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны әзірлеу бастамасы; – Энергия тасымалдаушылардың тұтынушыларға жеткізілімін одан әрі әртараптандыру, сондай-ақ энергия ресурстарын өндіру­шілер үшін кепілдік беру мақсаттарында Қазақстан Энергия жеткізілімдерінің Еуразиялық тұрақтылық пактісін қабыл­дау ұсынылды. Қазақстан әлемде өл­шемі бойынша төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан мем­лекет ретінде үлкен беделге ие. Қазақстан – Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімнің белсенді қатысушысы. 2009 жылы Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.
Мемлекет басшысы сессияға қаты­сушылардың назарын жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесіне аударды. Қазақстан Жалпыға бірдей ядросыз әлем декла­рациясын әзірлей бастауды ұсынады. Барлық елдердің ядролық қаруды та­ратпау саласындағы міндеттемелеріне БҰҰ мен МАГАТЭ-нің құқықтық базасын кеңейтіп, халықаралық бақылауды арттыру қажет. Екінші – экономикалық үдерістердің жаһанданудағы деңгейінің өсуі БҰҰ қызметінің экономикалық құ­рам­дасындағы парадигмалардың ауысуы қажеттігін талап етеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылы қозғаған, яғни БҰҰ-ның бітімгерлік күштері қорын құру туралы ұсынысы әлі күнге дейін өзекті.
БҰҰ-ның мерейтойлық сессиясында Н.Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясы мін­берінен қазақ тілінде баяндама жасады. Мемлекет басшысы күн тәртібіндегі өте өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын баяндап берді. Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс еке­нін еске салды.
Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық стратегиялық бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды. Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ дек­ларациясын қабылдау жөнінде бастама көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев халықара­лық құқық қағидаттарын жаһандық сая­саттың барлық қатысушылары сақтауы маңызды екенін атап көрсетті. 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекі­туге арналған жоғары деңгейдегі ха­лықара­лық конференциясын шақыру идея­сын жариялады. Осы ретте Қазақстан Президенті терроризмге және экстре­мизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелерін ортаға салды.
Н.Назарбаевтың БҰҰ мінберінен көтерген бастамаларының көбісі жүзеге асты.
Қазақстан – Орталық Азиядағы тұрақтылық пен тыныштықтың мекені. Қа­зақстан Президентінің халықаралық қақтығыстарды реттеуге қосып жүрген қомақты үлесін бүгінгі таңда бүкіл әлем мойындайды.
Шыңғыс ЖӘНІБЕК
05 қаңтар 2018 ж. 1 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031