» » » Орталық Азия елдері Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалық ету жұмыстарына жоғары баға берді

Орталық Азия елдері Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалық ету жұмыстарына жоғары баға берді

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы қарсаңында «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда аймақтық серіктестік құру» тақырыбында Орталық Азия - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтті. Кездесуге Түрікменстанның атынан БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл қатысты. Қазақстандық тарап 2017 жылы Қауіпсіздік кеңесінің құрамындағы жұмысына қолдау көрсеткендері үшін орталық-азиялық әріптестеріне алғыс айтты. Аталған кездесуде Орталық Азиядағы ахуал бойынша жан-жақты пікір алмасып, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Министрлер Орталық Азия елдерінің 2018 жылға сыртқы саяси іс-шараларының күнтізбесін талқылады. Делегация басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша Орталық Азия елдері ұстанымдарының сәйкес келетінін атап өтті. Жиында ОА елдерінің Ауғанстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысы атап өтілді. Кездесу соңында сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде аймақтық мәселелердің бірлескен шешімін әзірлеу бойынша бесжақты өзара әрекеттестікті жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

21 қаңтар 2018 ж. 1 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 226

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930