» » Trend: «Назарбаевтың Трамппен кездесуі Қазақстанның аймақтағы негізгі ойыншы екенін көрсетеді»

Trend: «Назарбаевтың Трамппен кездесуі Қазақстанның аймақтағы негізгі ойыншы екенін көрсетеді»

Әзербайжанның «Trend» ақпарат агенттігі «Назарбаевтың Трамппен кездесуі Қазақстанның аймақтағы негізгі ойыншы екенін көрсетеді» деген мақала жариялады. Назарларыңызға осы мақаланың толық нұсқасын ұсынамыз.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында Ақ үйде 16 қаңтарда кездеседі.
«Президент Дональд Трамптың басшылығы кезіндегі Орталық Азия елдерінің ішінен бірінші болып, Назарбаевтың Ақ үйге ресми сапармен келуі Қазақстанның аймақтағы негізгі ойыншы екенін айқындайды», - дейді саяси сарапшы, Сингапурдың Nanyang технологиялық университеті қызметкері Джеймс Дорси.
Ол Орталық Азияның Үнді-Қытай бәсекелестігі, Үндістан мен АҚШ-тың тығыз қарым-қатынасы жағынан маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге Қазақстанның жақын серіктесі Ресей бұл сапарды мұқият қадағалайтын болады, - деді Дорси.
Екі мемлекет басшылары аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту жолдарын, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету кезінде күн тәртібіне қойылған бірқатар халықаралық проблемаларды талқылайды. 
ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16-18 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа үш күндік ресми сапармен келеді.
Сонымен қатар Қазақ Президенті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.
16 қаңтар 2018 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930