» » Бақытжан Сағынтаев Білім министріне оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды

Бақытжан Сағынтаев Білім министріне оқушылардың жүктемесін азайтуды тапсырды

Бүгінгі Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке оқушылардың жүктемесін азайту үшін тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Алдымен премьер-министр Білім министріне балаларды жастайынан дамытуға арналған бағдарлама жасау үшін арнайы ұсыныстар беру қажеттігін айтты.
«Балаларды жастайынан дамыту бойынша ұсыныстар берулеріңізді сұраймын. Сондай-ақ ол бағдарламаны 2019 жылдың 1 қыркүйегінен іске қосу үшін ұсыныстарыңыз қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, ол Ерлан Сағадиевке оқушылардың жүктемесін азайту бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
«ТМД мемлекеттері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесін қарастырып, оқушылардың жүктемесін азайту бойынша ұсыныстар берулеріңізді сұраймын», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев алдағы уақытта гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беретін мекемелердің жұмыс сапасын көтеру қажеттігін атап өтті.
«Педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарындағы кафедра және факультеттерді дамыту бойынша тиісті шаралар жүргізулеріңізді тапсырамын. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқытудың сапасын көтеруді тапсырамын. Сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыра беріңіздер», - деді премьер-министр.

12 қаңтар 2018 ж. 1 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 747
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031