» » Президентінің бес әлеуметтік бастамасы

Президентінің бес әлеуметтік бастамасы

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «ІІІ Интернационал» бастауыш партия ұйымында партия белсенділерімен және партия мүшелерінің басқосуымен жиын болып өтті. Жиынды «ІІІ Интернационал» БПҰ төрағасы Ә.Омаров ашып, Елбасы «Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа үндеуде айтылған әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан да соны серпін береді деп айтып өтті. Жиын барысында партия белсенділері «Достық жер МК»ЖШС директоры М.Арифов, №108 орта мектеп мұғалімі А.Тұрманова «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі – Қазақстанның келешегін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары, мемлекеттің әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған тың қадамдары деп сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысының үндеуіндегі бастамалар отандастарымыздың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін, зияткерлік сапасын жоғарылатуды һәм жақсартуды көздейді деген пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жиынға қатысушы барлық партия мүшелері де бес бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.
08 сәуір 2018 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031