» » Қайрат Нұртай: Құс фабрикасын іске қосу басты мәселе болып отыр

Қайрат Нұртай: Құс фабрикасын іске қосу басты мәселе болып отыр




Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында қарқын бар. Барлық салада біршама оң өзгерістер байқалады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сол арқылы аудан экономикасын дамытып, аудан бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайтуда бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай мәлімдеді.
«Соңғы жылдары ауданда әлеуметтік-экономикалық жағын дамыту бағытында атқарылып жатқан жобалар бар. Мәселен, осы жылдың 1 тамызына түсімдер 9,6 млрд. теңгеге атқарылып, оның ішінде өз кірістеріміз 825,3 млн теңгеге орындалды. 7 ай ішінде өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 1,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 1,2 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Жыл соңына дейін ірі жобаның бірі –Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасын іске қосу басты мәселе болып отыр. Қазіргі таңда құс фабрикасының құрылыс жұмыстарын аяқтау кезеңінде, бюджет есебінен сыртқы инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілген. Құс фабрикасына құрал-жабдықтар алуды мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелендіру арқылы жүзеге асырылатын болады», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.
Жаңалықтың тағы бірі – аудан орталығы Жосалы кенті көгілдір газға қосылды. Бүгінде табиғи газды әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерге орнатып, құрып беруде 6 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, республикалық және облыстық бюджет қаражат есебінен ауданда күрделі және ағымдағы жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Балалар демалыс лагерінің құрылысын аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 783,3 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысына да биыл республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су беру жүйелерін реконструкциялау бойынша су бұру құрылысының бірінші кезеңіне республикалық бюджеттен 773 млн теңге қаржы бөлінді. Төретам кентіндегі ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстары да басталды.
Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және аз қамтылған көпбалалы отбасыларына коммуналдық тұрғын үй қорынан 10 тұрғын үй сатып алынатын болады.
25 тамыз 2021 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031