» » Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімін қабылдады

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімін қабылдады

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековты қабылдады. Кездесуде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді.
Аудан аумағына 2 кент, 12 ауылдық округ кіреді. Ауданның өнеркәсіп саласының кәсіпорындары ағымдағы жылдың 11 айында 3234,0 млн.теңге өнім өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімінен салыстырғанда нақты көлем индексі 112,2 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2020 жылдың 1 желтоқсанына 14644,9 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.
Есепті кезеңде 24100 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, өсім 10,5% құрайды. Бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 82,3 пайызға орындалып отыр.
Мал шаруашылығын дамыту бағытында қарқынды жұмыс атқарылуда. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 4,8 %, қой басы 3,4 %, жылқы басы 2,9 %, түйе басы 3,9 %, құстар 4,8 % өскен.
Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 8465,0 млн.теңге құрайды. Ал, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан аудан бойынша 67 өндірістік шағын жобалар іске асырылған.
Аймақ басшысы аудан әкіміне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыссыздық мәселесі бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
24 желтоқсан 2020 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031