» » СТАТИСТИКА ДЕРЕГІ СӨЙЛЕГЕНДЕ

СТАТИСТИКА ДЕРЕГІ СӨЙЛЕГЕНДЕ

Аудан экономикасының негізі болып саналатын өнеркәсіп мекемелерінің жұмысы сараланып, ағым­дағы бағамен 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларында 1 030 млн. теңге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, яғни өнеркәсіп өнімдері нақты көлемнің индекстері бойынша өткен жылмен салыстырғанда 160, 4 пайызға орындалды.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 2018 жылғы қаңтар-сәуірге нақты қолданыстағы бағамен 969 млн. теңге өндіріліп, өткен жылғы нақты көлем индексінің тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға орындалған. Сондай-ақ, 2018 жылғы қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауданда 1753,9 тонна сиыр сүті, 1029,4 тонна жылқы, қой еті, 111,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет өнімі 101,6 пайызға, сиыр сүті 102,4 пайызға, жұмыртқа 102,8 пайызға орындалды. 2018 жылғы 1 мамырға ауданның барлық шаруашылығында 30 415 бас мүйізді ірі қара, 45 254 бас қой, 31 784 бас ешкі, 8 747 бас жылқы, 3 247 бас түйе, 16 175 құс тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 108,2 пайызға, құс 106,8 пайызға, қой 101,9 пайызға артса, ешкі санында өсім байқалмайды.
Ауданда 2018 жылдың қаңтар-сәуір айында құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1 946 млн. теңгеге орындалып, ол өткен жылмен салыстырғанда 10,5 есе артығымен орындалды. 2018 жылғы қаңтар-сәуір айында аудан бойынша жалпы 5 575 шаршы метр тұрғын үй салынды. Оның барлығы да жеке тұрғын үй. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй көлемі 100,5 пайызға артқан.
Ал, сауда саласына келер болсақ, есепті мерзімде аудан бойынша бөлшек сауда көлемі 2018 жылғы қаңтар-сәуір айында 1 454,3 млн. теңге болды. Бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда 100,7 пайызға орындалды.
К.ТАҢБАЕВ,
Қармақшы аудандық статистика басқармасының басшысы.
08 маусым 2018 ж. 1 237 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 23:33
Bentyl Coligon Where To Buy Will Amoxicillin Interact With Prevacid Le Cialis Acheter viagra Viagra Jelly Uk

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930