» » Аудан басшысы: 120 бас қазақтың ақ бас сиырлары алынады

Аудан басшысы: 120 бас қазақтың ақ бас сиырлары алынады

ЖОСАЛЫ, 30 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша егін шаруашылығына 625,7 млн теңге субсидия берілген. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 12 млрд 960,4 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызды құрады. Мал басын көбейту мақсатындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар аясында қолдау көрсетілуде.
Аудан әкімінің айтуынша, былтыр «Сыбаға» бағдарламасы аясында 325 бас асыл тұқымды немесе таза тұқымды импортталған мүйізді ірі қара аналығын сатып алу жоспары бекітілген.
Осы жоспарға сәйкес 2019 жылы шетелден Дауылкөл ауылдық округінен жеке кәсіпкер Жұмағалиев Айтуған 50 бас, Төретам кентінен «Контакт» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (Жаңғасқаев Қайрат) 100 басқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы мүйізді ірі қара сатып алуға жұмыстары жүргізілуде.
«Олжа» ШҚ Қызылорда қаласындағы «Аграрлық несие коорпарациясы» АҚ-ы арқылы 120 бас Қазақтың ақ бас сиырларын алуға несие рәсімдеуге құжаттарын толық өткізіп, қазіргі таңда шешімін тапты.
Сонымен қатар «Сыбаға» бағдарламасы арқылы қой малының аналық басын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 2 240 бас қой малының аналығы сатып алынды.
Мал шаруашылығы бойынша жыл басынан берілген субсидия көлемі 19,2 млн.теңге.
Мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында мал басының барлық түрлерінде өткен жылғы есепті кезеңге салыстырғанда өсім қалыптасып отыр.
Мал шаруашылығында өткен жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда мүйізді ірі қара басы 1,2 пайызға (29436 бас), қой басы 2,3 пайызға (33851 бас), ешкі басы 1,7 пайызға (21263 бас), жылқы басы 13,0 пайызға (10306 бас), түйе басы 7,8 пайызға (3398 бас), құстар 1,7 пайызға (16885 бас) өсті.
Есепті кезеңде 3919,8 тонна ет, 6033,8 тонна сүт, 820,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 101,5 пайызды, сүт өнімі 100,1 пайызды, жұмыртқа 101,5 пайызды құрады.






30 қаңтар 2020 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031