» » ӨРІС ӨНДІРІСПЕН КЕҢЕЙЕДІ

ӨРІС ӨНДІРІСПЕН КЕҢЕЙЕДІ

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жыл санап артып келеді. Бұрынғыдай емес қазір кәсіпкерлік саласына бетбұрыс жасағандар саны көп. Мал шаруашылығын дамытып, кәсіп көзін ашам деген ниеті барлар үшін мемлекет мол мүмкіндік беруде. Ерінбегендер бағдарлама мен түрлі жобаларға қатысып, кәсіптің көзін табуға біршама бейімделді. Рас, біз өзіміз шығарғаннан, өзгелердікін алып, сатуды жеңіл санадық. Бұл біздің тұрмысымызды да едәуір түземейді, салығымызға да айтарлықтай пайда әкелмейді.
Жұмыссыздар қатарын тағы да сирет­пейді. Енді қайтпек керек? Тың кәсіпті қолға алуға, ауданға, барлық елді-мекендерді қамтитындай кәсіп көзін ашуға талпыну қажет. Ақтөбе ауылында құрылысы жүріп жатқан құс зауыты ашылса 150-200-дей азаматты жұмыспен қамтиды деген жоспар бар. Бұл да экономикалық серпін. Осындай бір емес бірнеше зауытты іске қоссақ жұмыссыздар қатары тіпті азаймай ма? Өзімізден алған өнім сырттан әкелгеннен әлдеқайда тиімді әрі арзанға түседі.
Аудан бойынша І тоқсанның қорытын­дысымен ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 707,9 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 процентті құрады.  Мал шаруашылығы, оның ішінде мүйізді ірі қара басы 102,9 процентке, қой басы  100,5 процентке, жылқы 112,3, түйе 104,2, құстар 102,2 процентке өскен. Есепті кезеңде 779,7 тонна ет, 1275,8 тонна сүт өнімдері мен 82 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Ауданның өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындары 690,7 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 128,5 процентті құрады. 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 1135,9 млн.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 процентті құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 177,8 млн. теңге. Есепті кезеңде 3885 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Құрылыс жұмыстарының да қарқыны алдағы уақытта жүзеге асады. Әлеуметтік салада есепте тұрған жұмыссыздар саны 372 адам. Халық саны да біршама артты. Спортпен шұғылданатын адамдар саны да 104,2 процентке ұлғайған. Орташа жалақы өткен жылы 93250 теңге болса, қазір 95841 теңгені құрайды. Ең төменгі деңгейінің шамасы 25131 теңге.
Экономикамыз түзелсе ел нығаяды. Жақында ғана Қармақшыдан құрама жем шығару цехын ашқан кәсіпкерді газет бетіне жарияладық. Сол-ақ екен сұраныс тың кәсіпке бағдар болды. Тек аудан емес өзге аймақтар жем алуға  ұсыныс білдіріпті. Игі бастама дәл осылай жалғасын тапсын деп тіледік. Өзіміз өнім шығармай экономикамыз қарқын алмайды. Экономика алға жылжымаса халықтың да әл-аухаты айтарлықтай өзгермесі анық. Сондықтан алма піс, аузыма түс деп қарап жатпай, еңбектенсек игі. Еңбектің наны қашан да тәтті.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
17 мамыр 2019 ж. 1 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031