» » «ҚҰРАМА ЖЕМ» ӨНІМІ СҰРАНЫСҚА ИЕ

«ҚҰРАМА ЖЕМ» ӨНІМІ СҰРАНЫСҚА ИЕ


Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар күн өткен сайын қарқын алуда. «Бизнес бастау» кәсіп ашамын деген жанға мол мүмкіндік сыйлағандай. Кәсіп бастаудың қыр-сырын үйрететін бұл бағдарламадан білім алғанның жобасы жанданбаса жүрмей жатқан жоқ. Бизнес бастауға ынталының басым бөлігі нәзік жандар.
Көкшетауда тұрып, 2 жыл бұрын отағасының қызмет бабымен Жосалы кентіне көшіп келген Людмила Альмерденова тың кәсіптің көзін табуға тырысыпты. Үнемі «Бизнес бастау» курсына қатысып тәжірибе жинап жүретін ол жалдамалы пәтер алып, еш несиесіз құрама жем шығару цехын ашқан. Әлеуметтік желі арқылы іздестіріп, Ресейден сағатына 400 кг өнім шығаратын осы құрылғыны тауыпты. Жасынан Солтүстік Қазақстанда мал өсіріп үйренген ол төрт түлікке қандай азық қажет екенін жақсы біледі.
Малға құрамында құнары аз жем, шөп беріп мол сүт алам, көп ет жеймін деу бекерлік. Адам организмі де күнделікті бір тамақты тұтынғанды қаламайды. Дәрумендер қажет етеді. Ол да сол секілді. Людмила Қармақшы ауданында мұндай құрама жемнің жоқтығын біліп, осы кәсіпті қиын болса да қолға алуға кіріскен. Қоспаларын жинау оңай емес. Әр өнімді жер-жерден алдырады. Күнделікті дүкендегі жеммен салыстыруға келмейді мұны.  Құрама жемнің келісі 80 теңгеден. Бір жем арқылы мал ағзасына бірнеше шөптің құнары барады. Тұрғындарға осыны түсіндіріп әлек. Нәтижесін көрсе өкінбейтініне көздері жетеді. Кәсіп алға жылжыса бұл мал өсірушіге де, кәсіп көзін ашқан жанға да тиімді болмақ.  Бидай ұнтағы, жоңышқа, жмых, 3 кальций фасфаты мен түрлі құнарлы қоспадан дайындалатын жем сүт пен ет бағытында мал өсіріп отырғандар үшін таптырмас өнім.
–Бастағанымызға көп болмады. Әзірге бір кісіні жұмыспен қамтып отырмыз. Сауын сиырына беріп көргендер жемді күтіп тұрып дайын болғанда дереу алып кетуде. Алға жылжи бастаса тек аудан емес, басқа облыстарға да жеткізуге жұмыс істейміз, – дейді мал шаруашылығына епті жан.
Біз жақсы бастамаға қашан да қолдау білдіреміз. Людмила Владимирқызының кәсібі алға жылжиды деп сенейік.
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
19 сәуір 2019 ж. 1 577 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031